«Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 30 мамырдағы № 83 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

«Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 30 мамырдағы № 83 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларында:

1-тармақтың үшінші абзацы 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

1-тармақтың бесінші абзацы 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

1) автоматтандырылған дактилоскопиялық цифрлық жүйе (бұдан әрі - АДЦЖ) - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) цифрлық жүйесі, онда қолдың саусақ таңбалары бойынша қалыптастырылатын дактилоскопиялық ақпаратты жүргізу, жинақтау, өңдеу және ұсыну жүзеге асырылады;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.